«Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың кепілі» » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2022

«Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың кепілі»

Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың кепілі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

         Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілдігі-тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата-аналармен, мектеп дәргерімен, аспазшылармен бірлесе оытырп тұжырымдау;

Міндеттері:

Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;

-Тамақтану сауаттылығының бес негізін;

-Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;

-«Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау, ортақ ой түю.

Қолданылатын көрнекіліктер:

-Ақпарттық мәліметтер слайдтар арқылы;

-Кеңестер слайдтар арқылы;

-Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар;

-Көкеністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Жеміс — адамға ең жұғымды тамақ. Сондықтан тізімді жемістен бастаймын. Жас жеміс те, кептірілген түрі де басқа азық-түлікке үстеме ретінде пайдаланылады.