"КҮНШУАҚ" жазғы сауықтыру лагері » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2024

"КҮНШУАҚ" жазғы сауықтыру лагері

"Күншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің балалары жазғы демалыстарын көңілді өткізуде. 
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
Бірінші күннен оқушылар мәдениетті демала білді. "Арман" кинотеатрына кино көру мен қатар Абай ескерткішін, Республика сарайын тамашалады, мұражайға барды. Табиғат аясына саяхатқа шығып, таза ауада демалып, қозғалмалы ойындар ойнап қайтты. Сонымен қатар қуыршақ театрына, Хайуанаттар бағына барып, саябақты тамашалады. Балмұздақты жақсы көрмейтін бала жоқ шығар.                                                            Балалар балмұздақ жеп, жақсы көңіл - күймен үйлеріне қайтты.
"Күншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің әр күні көңілді өтуде.  Оқушылар достық қарым-қатынаста болды, табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін сақтауды үйренді, жаттығу жасап, таза ауада серуендеп денсаулықтарын жақсартты, ой-өрістері қалыптасты.