Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Миразова Аягүл Төреқызы » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Миразова Аягүл Төреқызы
26
ноябрь
2018

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Миразова Аягүл Төреқызы

           Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Миразова Аягүл Төреқызы-

бүгінгі таңда бірнеше биікті, біршама белесті бағындырған  еліміздің құрметті қызметкері. Еңбекқорлығының, талап-талпынысының жоғарылылығының арқасында қарапайым ғана математика мұғалімі дәрежесінен Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Академигі дәрежесіне дейін жетіп, жүздің бірі ғана жететін ұлы белесті бағындырды.

Әр жыл сайын кез келген байқауда да, ұжым арасында да үздік ұстаз атағын бермей келе жатқан ұлы тұлғамыз үшін атаулы күн келе жатыр. Барлық оқытушылық қасиеттері мұғалімдер мен оқушыларға көмектесуге бағытталған және баланың жоғары интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуын өзінің борышы ретінде санаған ұстазымызды осы атаулы күнімен, 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Алға қойған мақсаттарыңыз бен арман-тілектеріңіз орындалып, өміріңіз нұрлана берсін дей келе, сіздің құрметіңізге орай  қала көлемінде іс-шаралар, өз кезегінде әртүрлі байқаулар мен сынып сағаттары өтіп жатыр.

№47 жалпы білім беретін  мектеп ұжымы   сізге алдағы уақытта 

жұмысыңызға сәттілік және шығармашылық табыс тілейді.

<!--[if gte vml 1]> <!--[if !vml]--><!--[endif]-->