23 қараша "Жалпыадамзаттық құндылықтар күні" » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2021

23 қараша "Жалпыадамзаттық құндылықтар күні"

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» атты тақырыпта сынып сағаты, тәрбие сағаты болып өтті.          Мақсаты:

– «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету.

Міндеттері: мұғалімнің ұсынған және оқушылардың өмірлік тәжірибесінен алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір» ұғымының мәні мен мазмұнын ашу; шығармашылық және жобалық іс-әрекеттер барысында жеке өмірлік ұстанымдарды көрсете білу қабілетін дамыту; адамдарға, табиғатқа қамқорлық жасау, әрекет ету кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу қажеттілігін тәрбиелеу.

Әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, ақыл-парасатына жүгіну, ешкімге және ешнәрсеге қиянат жасамау үшін келеді.