Кітапханашы мен оқырман арасындағы этика » КГУ "Общеобразовательная школа №47"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№47 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2020

Кітапханашы мен оқырман арасындағы этика

            Кітапхана-ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасыттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы десек, бүгінгі кітапхананы дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағы мен тәрбиенің қазығы дейміз.      

            Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін бірақ, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алу үшін жан-тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылырдың еңбектері ұшан-теңіз. Қазіргі таңда оқырманның өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа толы құмарлықтан басталады.

          Кітапхананың алдында өз оқырмандарына кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауға көмектесу, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеу міндеті тұр. Біздің кітапхана педагогтар мен оқытушылар үшін білім-ақпарат орталығы болып саналады. Кітапхана бөлімі қазіргі заман талабына сай жаңа компьютерлермен жабдықталған. Кітапханамыз жыл сайын жаңа буын оқулықтармен, электронды оқулықтармен, көркем, ғылыми анықтамалық әдебиеттермен қамтылады. Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.